1 қыркүйек күні №16 "Сұңқар"№10”Жұлдызша” ересектер тобының балаларымен №4 Мектеп интернатқа саяхатқа бардық

Мектеп интернат ауласы өте кең,түрлі өсімдіктер,ағаштар,гүлдер отырғызылған.Ауасы өте таза,ауласы тап-таза мұнтаздай.Бұдан біз мектеп интернаты қызметкерлерінің еңбекқор,ұқыпты адамдар екендігін аңғардық.Біз балалармен бірге мектеп интернатты  бақылау барысында фотоға түстік.Балаларға мектеп интернат жөнінде мағұлымат бере отырып,сұрақтар бердік.Балалар сұрақтарға жауап бере отырып,бұл интернатта өздерінің аға-апаларының оқып жатқандығын айтты.

 

Біз мектеп интернаттан  балабақшада тәрбиеленген,кейіннен осы мектеп интернатқа кеткен,бұрынғы  балабақша түлектерін көріп,әңгімелестік.Әңгімелесу барысында олар өздерінің оқу үлгерімдерінің жақсы екендігін,жағдайларының өте жақсы екендігін,бұндағы тәрбиеші апайларына риза екендігін айтты.Сонымен бірге өздерінің балабақшадағы білім берген тәрбиеші апайларын  сұрап жатты.Балаларға саяхат өте қатты ұнады.Саяхат барысында балалар өздерінің болашақта өздерінің білім алуға келетін білім ордасы мектеп интернат жөнінде көптеген мағұлымат алды.Саяхат қызықты өтті.Балалардың көңіл күйлері көтерілді.

 

Жазған тәрбиеші:Уразалина Г.Н.