Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№ 8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай-балабақшасы.
Ертеңгілік: «Менің елім-Қазақстан»
№ 17,16,10 Ересек «Балдырған» тобы
Жүргізуші: Қанатова Б.Ж
жоғары санатты тәрбиеші.
Масягутова И.В жоғары санатты
саз жетекшісі:
Мақсаты: Мектепке дейінгі бүлдіршіндердің Отанына деген ұлттық санасын ояту, патриотық сезімдерін қалыптастыру. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы туралы, елімізге, жерімізге, тілімізге деген білімдерін тиянақтау. Еліміздің жетістіктерімен таныстырып ой-саналарын жетілдіру, нығайту. Халқымыздың салт-дәстүріне,мәдениетіне қызығушылықтарын туғызу. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Технологиялық қамтамасыз ету: Көрме.Тәуелсіздік күніне сай слайд,видео. Желтоқсан құрбандарының суреттері, Залдың іші мерекеге лайық безендірілген. Отан-бұл ең маңызды, өте қымбат, баршамызға сүйікті сөз. Бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бүгінгі ересектер тобының дайындаған«Менің-елім Қазақстан» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!.

«Көк тудың желбірегені» әуенімен балалар залға кіреді.
Әнұран:
Менің Қазақстаным .
Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан- елім менің!
Жүргізуші:Балалар,Отан деген мағынаны сіздер қалай түсінесіздер?
Дұрыс балалар, Отан деген ол біздің даламыз, орман-тауымыз,отбасымыз,балабақшамыз, өзіміздің тамаша қаламыз.
Регина:
Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз біздің еліміз,
Қазақстан бай жеріміз. Махамбет:
Мен қазақпын Отаным-Қазақстан,
Тәуелсіз елді қорғайтын-мен жас ұлан.
Сүйемін туған халқым,байтақ елімді.
Мақтан етем осындай ғажап жерімді.
Сайда:
Отан жерім,Отан суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан -ұран,Отан -туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Нурай:
Шаршатып қамыт киген жылдарымыз,
Намысқа басқан нағыз ұлдарымыз.
Бәйгеге басын тігіп ұлты үшін,
Деді олар: «Тәуелсіздік құрбанымыз!».
Нығмет:
Желтоқсан – оқиға емес бола салған
Жастар ер тағдырымен таласа алған.
Желтоқсан – рухымыздың биіктігі,
Қазаққа жараспайды аласарған.
Ән:Отаным.
Жүргізуші:Әрбір елдің өзінің танылатын белгілері бар,ал біздің Егемендік еліміздің белгісі нелер деп ойлайсыңдар?
Балалар:Еліміздің
Жүргізуші:Рәміздерімізге нелер жатады, яғни мемлекеттік рәміздерімізді кім атап айтып береді.
Балалар:Қазақстан Республикамыздың рәміздері:Елтаңба,Ту,Әнұран.
Нұрхат.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Рустем:
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Ән:Елтаңбасы елімнің.Сабина,Рустем.

Жүргізуші:Балалар біздің елімізді алға бастырған,балалардың болашағын ойлаған тұңғыш елбасымыз кім екен?
Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші:Өте жақсы.
Жүргізуші:Қазақстан картасына назар аударыңдаршы.Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да Қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын, екінің бірі айтпай- ақ біледі.Балалар сендер Қазақстан еліміздің қандай қалаларын білесіңдер,кәне кім айтады? Балалар:Астана,Ақтөбе,Ақтау,Алматы,Қарағанды,Талдықорған.Балалар,біздің туған жеріміз,кіндік қанымыз тамған жеріміз қалай аталады?
Балалар:Атырау қаласы деп айтады.
Жүргізуші:Ал қазір мен сендерге жұмбақ жасыру арқылы көңілді викторина өткізгім келіп тұр, сендер дайынсыңдар ма?
Балалар:Дайынбыз. Жүргізуші:
Өзі жас қала,әдемі қала ,
Жылдан-жылға көркейіп өсіп келеді.
Бұл қай қала деп ойлайсыңдар? Шешуі:(Бұның шешуі бас қаламыз Астана қаласы)
Жүргізуші:Жұмбақтың шешуі Астана көркем қаламыз туралы екен.
Рустем:
Астанам менің,
Ақылшым менің,
Жаныма әр кез жақынсың менің
Аңсаған кезде,
Шаршаған кезде
Өзіңе қарап отырсын елім.
Жүргізуші:Өте тамаша арғарай жалғастырайық,келесі жұмбақты мұқият тыңдаңдар.
Боз арғымақ, аузы жоқ,
Мұрны жоқ - екі құлақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
Шу деп, саусақпенен шертіп қалсаң,
Шабады жүйрік әуен тулап-тулап. Шешуі:(Домбыра).
Жүргізуші:Дұрыс таптыңдар,шешуі домбыра екен.
Біздің қыздарымыздың мерекеге арнаған билерін қабыл алыңыздар!

Би:Домбыра.
Дүниеде бір айдаһар білесің бе,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде. Шешуі:(Киіз үй)
Жүргізуші:Балалар сендердің ойын ойнағыларың келеді ме?
Балалар:Әрине ойнағымыз келеді.
Жүргізуші:Олай болса,кәзір киіз үйді құрастырамыз ойынын ойнаймыз.

Мақсаты:Киіз үйдің бөліктерін атап айтып, жүріп құрастыра білулерін қадағалау.
Жүргізуші:Өте жақсы құрастырдыңдар,тамаша,балалар,көңіл-күйлерің қалай?
Жүргізші:Балалар қатар біздің Отанымыз немен бай?
Кәне тамашалап қарайықшы? .
Балалар: Подноспен бір-бірден залға кіреді,қолдарындағы байлығымыз жайлы айтып қатарласып тұрады.
1. Жанель:Бауырсақ ұстап тұрады:Еліміз бидай өсіруден бай елдер қатарында.Бидайдан нан, бауырсақтар, тоқаштар мен тәтті нандар,сондай – ақ макарондар да жасап шығарады.
2. Ильяс: Мұнай ұстап тұрады:Біздің туып өскен қаламыз,Атырау мұнайлы астана деп аталады,олай аталу себебі бізде мұнай шығады. Мұнайдан жанармай мен қатар көптеген тұрмысқа қажетті заттар өндіреді.
3.Нұрдаулет: Көмір ұстап тұрады. Көмір Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласыннан шығады.Көмірді отынға пайдаланады,үйді жылытады.
4. Жасмин:Сүт,қаймақ ұстап тұрады. Атырау облысы төрт-түлікке өте бай. Сүтін,қаймақ ,ірімшік,айран,құрт өзімізде бар, ағзамызға өте пайдалы.
5. Жансая:Алма ұстап тұрады.Біздің Отанымыздың апорт алмасы дәмді,көрші елдер біздің алмаларымызға қызығады.
6. Альфрет:Темір ұстап тұрады.Еліміз темір де өндіреді.Қазақстанымызда темірден Отандық машиналар жасап шығарады.
7.Нәби: Бұйымдар қой жүнінен иірілген жіп. Біздің қойлар жайлауда жайылуда,өте танымал қойдың жүнінен елімізде бас киімдер,тондар тоқылып,тігіліп жасалуда.
Жүргізуші:Міне осының бәрі біздің еліміздің шеберлерінің қолынан шыққан дүниелері Отанымыздың байлығы арта берсін.
Жүргізуші:Балалар біздің Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
Ел басымыз өз сөзінде «Біз бәріміз біз атаның –Қазақ хандығының ұлымыз»
Бәріміздің туған жеріміз біреу-қасиетті Қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар ол-тәуелсіз Қазақстан.Әрбір елдің тілдері сияқты,біздің мемлекеттік тіліміз бар ол-қазақ тілі.Өзге тілді білсең де,өз тіліңді ұмытпа.Балалар өз тілімізді қастерлеп,құрметтеп жүруіміз керек.

Жасмин:
Ана тілім менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім демім,
Ана тілім жаным.
Ильяс:
Ана тілім маған,
Ана сөзін тыңдап,үлгі өнеге алам.
Ана тілім анам,аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,жарқыраған шамым.
Ән:Ана тілім.
Жүргізуші:Біздің Тәуелсіз Отанымызда көп ұлттар бір-бірімен тату-тәтті дос болып араласып бақытты өмір сүруде.
Жүргізуші:Қазақстанда мекен етіп жатырған,қандай ұлт өкілдерін білесіңдер? Балалар:Татар,өзбек,қырғыз,түрік,орыс,карес,неміс,шешен т.б
Құрметті: Балалар достық туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейікші.
1.Даниял: Құстың күші канатында, адамнын күші достықта.
2.Илья: Сила птицы в крыльях, сила человека в дружбе.
3.Наби: Достық-баға жетпейтін байлық.
4.Әділхан:Дружба-богатство бесценное.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар біздің бүлдіршіндердің орыс,ағылшын тілдеріндегі мерекеге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Сабина,
Рустем.
Әділхан.
Я казах, степи рожден,
Знойным солнцем опален.
Встречая алую зарю,
Как беркут горный я парю.
Мой флаг и герб в себя вобрали
Весь мир степей -родные дали. Ильяс.
В Казахстане я живу
И в этих стихах я его опишу.
Наша страна богата и президент надежен.
Мы этому рады, Еркежан.
Жура, Журу, журавель!
Облетел он сто земель.
Облетел, обходил.
Крылья, ноги натрудил.
Мы спросили журавля:
Где же лучшая земля?
Отвечал он, пролетая:
Лучше нет родного край.
Ән:Родной край:Сайда,Жанель,Нәби,Медина,Эльдар,Жасмин. Оркестр:Жанель,Әділхан,Нұрхат,Сабина,Раяна,Эльдар,Жасмина,Ильяс.

Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата- баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Жанель:
Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп,дами бер,
Біліммен үлес қосамын.
Нәби:
Отанымның кең байтақ қой даласы,
Көрік берді Астанадай қаласы.
Менің асқақ армандарым бүгінгі,
Бір өзіңнен қуат алар,қарашы.
Дария:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі.
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті болып халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ән: Отан ортақ үйіміз.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар:Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты,мереке құтты болсын,аспанымыз ашық,Қазақстанымыздың шаңырағы биік болып гүлдене берсін!

№10,16,17Ересектер тобының ата-аналары,ұжыммен,балалармен бірге ертеңгіліктен кейін естелікке фотоға түсті.











