Тақырыбы: «Ойна да ойлан»
Мақсаты:Білімділік балалардың өтілген сандарды тақырыптарды қаншалықты ұғынғандарын анықтап,бақылау,меңгерген білімдерін тереңдету, пысықтау, қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру,бекіту.
Дамытушылық:Ойындар арқылы ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұшқыр ойға, нақты жауап беруге баулу, бір-бірімен сайысуға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру,дамыту.
Тәрбиелік:Жеке берілген тапсырмаларды түсініп орындауға тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші,
Рәміздерім елтаңба,ту,әнұран,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Рәміздерді құрметтеу біздің парызымыз,
Біз болашақтың білімді ұрпақтарымыз.
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста
Ойна да ойлан-толған тәртіп, мағына мен мән,
Ойна да ойлан-толған тамаша заңдылық пен сән,
Ойна да ойлан-толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір .










