
Вариативтік компонент: «Туған өлкені біл және таны»
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Тәрбиеші:Кушкалиева Жанслу Ахметжанқызы
-Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы қандай сұрағына Жанель жауап беруде.

Құстарға біз ұқсайық.
Қане, қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.

Білім саласы: Шығармашылық.
Оқу қызметінің түрі : Мүсіндеу.
Тақырыбы: Ыдыстағы сәбіздер.
Тәрбиеші:Кушкалиева Жанслу Ахметжанқызы

Жылу берген күнге рақмет,
Тіршілік берген жерге рақмет,
Өсім берген суға рақмет.
Бізге өнім әкелген,
«Күз мезгіліне» рақмет.
Кіріктірілген білім беру салалары:Таным,шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері:Жаратылыстану,апликация.
Тақырыбы:«Қызыл кітапқа енгізілген Қазақстан жануарлары»
Тәрбиеші:Кушкалиева Жанслу Ахметжанқызы

Қызыл кітап,
Бұл өзі қызық кітап.
Тысы жұқа
Астары қалыңырақ

«Қызыл кітап» шындықты
Айтуға да арналған.
Жою керек сұмдықты.
Жойылмасын бағалы аң.
Математикалық олимпиада
Тақырыбы: «Ұшқыр ой»
Мақсаты:Балалардың өтілген тақырыптарды қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау,алған білімдерін тереңдету,пысықта,бекіту.
Тәрбиеші:Кушкалиева Жанслу Ахметжанқызы
Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді

Біз әдепті баламыз,
Оттай болып жанамыз.
Сұрақ қойса ойланып,
Дұрыс жауап табамыз.

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
“ Жайық өзеніне саяхат” ересектер тобы № 17
Балалар балықшылардың еңбегімен танысып,ойын алаңында ойнады.



Білім күні: Ертеңгілік
Тақырыбы: «Бір –ел,бір халық,бір тағдыр».
Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Тәрбиеші:Кушкалиева Жанслу Ахметжанқызы.


Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Қыс мезгіліндегі серуендеу. № 17 “Балдырған” тобы.

Балалар тұрғызған ғимаратты қызықтауда
Қар жамылды күллі алап,
Жүрмедік біз құр қарап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық ғимарат

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде балалар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру
Тақырыбы: Құстың ұясы.
Тәрбиеші:Кушкалиева Жанслу Ахметжанқызы


Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақтта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа.










