Біз мектепке барамыз

 Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

 №8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасы  

 

Ертеңгілік. «Біз мектепке барамыз»

№17«Балдырған»,№16«Сұңқар»,№10«Болашақ» ересектер тобы 

 

 

Қанатова Б.Ж Жоғары санатты тәрбиеші. Саз жетекшісі:Масягутова.И.В

 Жоғары санатты маман

 

 

 

Тақырыбы:Біз мектепке барамыз.

Зал балабақшамен қоштасу мерекесіне сай безендірілген,көңілді музыка әуені ойнап тұрады.

Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата -ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе,бал бұлақтай жалғайтын.  Жүргізуші:Қош келдіңіздер!қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері. Биыл біздің балабақшамыздың ашылғанына 30-жыл толды,балабақшамыздың мерейлі тойы құтты болсын!осы мерекемен қатар бізде қимайтында,бір жағынан қуаныштыда үлкен той,яғни бұл мереке шаттығы мен қызығы мол балалардың балабақшамен қоштасу мерекесі.Бала-біздің болашағымыз,әр бала болашақ жанып тұрған жарық жұлдыз.Бүгін біздің «Ақбота»балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Ақбота балабақшамыздың мерейлі тойымен қатар келіп қуаныштан ,қуанышқа ұласып жатырған балабақшамыздың 2018 жылғы бүлдіршін түлектерін қошеметпен қарсы алайық! Түлектер:Жұптасып кіріп ортаға тұрады.
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайын,

Қоштасатын кешімізді бастайын.

Бүгінгі біздің түлектер ақ ниетін

Ортада көркем сөзбен бастайды.
Әділхан: 
Ботақаным бөбек деп 
Еркелеткен ұл қызын 
Анамызды ерекше 
Қуантатын күн бүгін 
Өсті міне бойымыз 
Қуанышқа ортақпыз 
Құтты болсын тойымыз. 
Регина: 
Бұл қуаныш себебін 
Бізге қарап ұғарсың 
Ер жетті деп бөбегің 
Туған Отан қуансын. 
Оқимыз білім аламыз, 
Болашақ жолын табамыз 
Бақшамызбен қоштасып, 
Біз мектепке барамыз. 
Нәби: 
Сезімнен туған баламыз 
Оянды ақыл санамыз, 
Адамдықтың бастауын 
Өзіңнен алып барамыз. 
Балабақша базарлы үй 
Көшедегі ажарлы үй 
Шаттығы бар шуақты 
Өз үйіміз сияқты 

 

 

Раяна: 
Сыңғыр, сыңғыр қоңырау, 
Тәтті әуені ән думан 
Мектепке кетіп барамыз 
Білім алған бақшадан. Ән«Алғашқы қоңырау» Жүргізуші: Қарашы, бүгінгі күн қандай? Қалайша тұрасың нұрланбай? Жұптасып билегенде түлектер. Шыр айналып тұрғандай жер шары! Вальс:Балалар жұптасып билейді.

 

 

Балалар:Орындарына барып отырады. Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер 
Алты жасқа жеттіңдер 
Барасыңдар мектепке 
Бір белестен өттіңдер 
Өсті ақыл- ойларың , Өсті міне-бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың. Жанеля: Балабақша, балабақша 
Шаңырағы шаттықтың 
Балабақша қорғанышы 
Балғын сәби жастықтың 
Қуанамыз сыйлаймыз 
Қуаныштың мың гүлін 
Бақшамызбен қимай біз 
Қоштасатын күн бүгін. Ануарбек.

Балабақша бесігім,

Тағы бір той жасайық,

Ашып мектеп есігін,

Өзіңмен қоштасайық.

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны тамаша,

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.

Дария: Қызық күндер өткіздік, 
Балабақша бағында, 
Көп оқыдық, көп білдік, 
Ел мен Отан жайында. 
Оқимыз, білім аламыз 
Болашақ жолын ашамыз 
Бақшамызды қимай 
Қоштасу әнін саламыз. Ералы. Балабақшам қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен анамды,

Ертіп енді келмеймін.

Ән:«Балабақша»

Залға:Кішкентай топтың балалары көңілді күліп полька әуенімен залға жүгіріп кіреді. Балалар бірге:Барлығы қосылып ағаларымыз,апаларымыз балабақшамен қоштасып,мектепке аяқ басқалы отырған тойларыңыз құтты болсын! 1-Бала:Біз сіздерді мектепке 1-сыныпқа шығарып салуға келдік,бүгінгі тойларың құтты болсын! 2-Бала:Ағаларым,апаларым мектепке барғанда жалқау болмаңдаршы. 3-Бала:Мектепте апайларды тыңдап,сабақты тек қана 5-деген өте жақсы бағаға оқыңдар,жарай ма? Түлектер:Қол соғып рахмет,рахмет,рахмет! Жүргізуші:Бәріміз қолпаштап,қол соғып,кішкентай балапандарымыздың биін тамашалайық. Би:Радуга. Жүргізуші:Құрметті түлектер сендерде осындай сәби болдыңыздар,осы залда талай қызықты мерекені өткізіп билеп,өлең,тақпақ айтып, ойнадыңдар,күлдіңдер,бір-біріңмен ойыншықтарға таласқан,жылаған кездеріңде біздің есімізде,міне уақыт қызықты қалай тез өткенін байқамай қалыппыз.Ал енді,түлектер кейбір мерекелерді еске түсірейікші. Күзгі ертеңгіліктен үзінді. Ойын шарты:Алтын күз туралы ертегі айту. Балалар қолдарындағы музыкалық аспаптарда ойнау арқылы ертегі сөздеріне байланысты жауап береді. Алтын киімді күз жолда жәйлап басып келеді.(Балалар алақандарымен барабанды ұрады) Жапырақтардың сыбдыры қайда?(Балалар маракасыда ойнайды). Жаңбырдың дыбысы естіледі?(Балалар қоңырау сыңғырлатады). Кенет қатты дыбыс шықты.Бұл тоқылдақ тоқ-тоқ-тоқ!(Балалар ағаштан жасалған таяқшаны соғады). Тоқылдақ еменді тазалайды-тиынға болсын жылы үй деп.(Балалар ксилофонды ойнайды). Гуілдеп жел тұрды,ағаштар шайқалды.(Балалар бубинды ойнайды). Аспанды кенет бұлттар басты. (Балалар тремоло бубинді ойнайды). Жаңбыр,жаңбыр ,сырт-сырт,тамшылар жерге ұрады.(Балалар қоңыраулармен металлофонда ойнайды) Міне,балалар күз мезгілінің ерекшелігі осындай екен. Бәрі аспаптта бірге ойнайды. Алтын күз:Сәлеметсіздер ме балалар, сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма? Жүргізуші:Сәлеметсіз бе?Алтын күз,қош келдіңіз төрге шығыңыз. Алтын күз:Міне-міне,менде келдім,күзден сіздерге сәлем естеріңде ме?. Мұнда ойнап көп егін өнімдерін жинадып едік қой,мен бүгін сендерге қайтып келдім маған көкөністерді санауға көмектесесіңдер ме? Балалар:Әрине көмектесеміз. Алтын күз:Суреттермен жұмыс жүргізеді. Алтын күз:Мұнда неше сәбіз бар? Балалар:Бес сәбіз. Алтын күз:Ал қарбыз нешеу? Балалар:Сегіз қарбыз. Алтын күз:Картопты санайық, картоп неше қапшықта салынып тұр екен,ал түлектер кімде жауап дайын кәне-кәне? Алтын күз:Мен сендермен:«Онға дейін тура,кері сана»ойынын ойнағым келіп тұр,ал сендер менімен ойнағыларың келеді ме? Балалар:Ойнағымыз келеді,ойнайық. Алтын күз:Мен сендерге ойынның шартын түсіндіремін,мұқият тыңдаңдар жақсы ма?Балалар ойынды ойнау үшін 2-топқа бөлінесіңдер,қолдарыңа әдемі сандар ұстайсыңдар,көңілді әуен ойнағанда араласып жүгіресіңдер ,әуен тоқтағанда сандар яғни сендер рет-ретімен тура-кері тұруларың керек,қателесіп қалсаңдар орын ауыстырасыңдар жарай ма балалар? Ойын:Екі рет ойналады. Алтын күз:Сендер сандарды жақсы білетін балалар екенсіңдер,маған ұнадыңдар тамаша,тағыда ойын ойнатамын. Алтын күз :«Кім шапшаң?» Шарты:Балалар енді сендердің қайсыларың шапшаң қимылдайтындарыңды байқағым келіп тұр,ол үшін мен сендерге жемістер мен көкөністерді жинатып кімнің алғыр,епті екенін байқаймын. Алтын күз:Жарайсындар балалар өте еңбекқор,байқампаз,алғыр екенсің,сендерге осының бәрі мектепке барғанда ауадай қажет болады. Алтын күз:Балаларды мадақтайды,медаль береді қоштасып шығып кетеді. Аяз-ата: Өлеңінің әуені естіледі,балалар қосылып айтады. Залға:Кенет Аяз -ата кіреді. Жүргізуші:Балалар қараңдаршы,бізге Аяз-ата келді,атамыз адасып келген сияқты! Аяз-ата: Мен өткен күннен келіп қонақ болып тұрмын,Антрактикада отыра алмай көңіл көтеруге келдім.Оқу жылы да, жаңа-жыл сияқты ол балаларды әрдайым күтеді. Жүргізуші:Балалар оқу жылы деген не?қайда болады оны Аяз-ата білмейтін сияқты ғой. Балалар:Оқу жылы мектепте болады. Жүргізуші:Балалар Аяз-атаға Лақ,Бала, Бота,деген сөзді әдемілеп жазып берейікші. Жүргізуші:Аяз-ата біз білеміз сіз шырша мерекесінде қуанып- көңілді әуенге биді өте жақсы билейтініңізді,біздің балалар сізге аспаптарда ойнайды ал,сіз бізге билеп беріңізші.

 

 

Оркестр:«Чунга-чанга».  Аяз-ата:Қандай тамаша-біздің түлектер,ал балалар сендер меннен қорықпайсыңдар ма? Балалар:Аяз-ата сіз бізге түкте қорқынышты емессіз. Ойын:«Мен аяздан қорықпаймын». Балалар:Біз аяздан қорықпаймыз. Аяз жазда құлағымызды тістемейді. Ал мұрнымызды тоңдырмайды. Саусақтарымызды аяз шымырлатпайды. Қалың қарға омбықпаймыз,құламаймыз. Аяз-ата:Ай, ай,ай, маған не болды –мен әлсіреп,еріп барамын,шанам қайда,ұшып барамын,жүгіріп залдан шығып кетеді. Есік қағылады. Жүргізуші:Балалар қарайықшы,мүмкін бізге көктем келген болар. Мыстан кемпір:Көңілді әуенмен ұшып сыпырғышына отырып билеп кіреді. Тойға мені шақырмай,мен сендерді мерекелерде жие-жие ойнаттым ғой,қап бәлем шақыруға ұмыттыңдар?, мен сендердің сазайларыңды тартқызамын сендердің жолдарыңа тұрып,мектепке 1-сыныпқа жібермеймін. Жүргізуші:Мыстан ашуланба, орындыққа отырып шай мен бөлкені жеп ауқаттанып өлеңді тыңдап ашуыңызды басыңыз. Ән: «Здравствуй,бабушка Яга» Мыстан жылап айтады:Міне көрдіңдер ме?мен қандай жақсымын. Сендер балабақшамен қоштасып мектепке кетесіңдер. Ал маған не болады менмен ойнайсыңдарма? неге менімен ойнамайсыңдар деп өксіп жылайды. Балалар: Мыстан кемпір сіз жыламаңыз сізбен ойнаймыз. Ойын:«Сөмкеңді дайында» Шарты:Құралдардың ішінен оқу-құралдарын ажыратып сөмкесіне салу. Мыстан кемпір:Балаларға жағаласып аң-таң болып қарап әрлі-берлі жүгіріп жүреді. Жүргізуші:Мыстан кемпір біздің кішкентай қыздарымыз сіздің құрметіңізге көңілді көбелектер биін билеп береді,қабыл алыңыз. Би:«Көбелектер»

 

 

Мыстан кемпір:Құрметті түлектер мен сендермен қоштасып,өзімнің орманыма кетуім керек,мені ұмытпаңдар,мектептегі мерекелерге мына мені жие-жие шақырып тұрыңдар,мектепте сабақты жақсы оқыңдар.Сау болыңдар,сендерге ризамын. Алдар Көсе:Сәлеметсіздер ме балалар?Өздерің керім көңілдісіңдер,не жаңалық ,қандай мерекені тойлап қуанып жатырсыңдар. Жүргізуші:Сәлеметсізбе Алдар Көсе,бізде бүгін үлкен мереке,балалар мектепке кетеді,соны тойлап жатырмыз. Алдар Көсе:Тамаша балалар,өсіп қалыпсыңдар ғой,балабақшадан не үйрендіңдер? Балалар: Санауды,жазуды,үш тілде сөйлеуді, ертегі айтуды,ұқыпты,тәртіпті, мейірімді, жан-жақты білімді болуды.

 

 

Нұрай. Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің апайым.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен бірге шығар күн.

Білерміз ертең бізден де,

Білім нәрін сұрарын.

Мектепке біз барғанда,

Уәде берем апайым,

Қиындыққа шыдармын,

Биікке талай шығармын.

Эльдар. Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамыз.

Жансая. Кітаптарым бар менің,

Дәптерлерім тағы бар,

Әріптерді тіземін,

Өзім жаза аламын.

Есепке де, ертекке,

Уақытымды бөлемін.

Мектепке мен барамын,

Жақсы оқушы боламын.

Сабина,Илья,Дария үш тілде тақпақ қазақша,орысша.ағылшынша айтады. Жеке ән:«Звенит звонок веселый» Алдар-Көсе:Мен сендердің Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелеріңе қатысып,сендердің дайындықтарыңа таң тамаша болдым,наурыз тойындағы,әсіресе маған қамшымен билеген жігіттер биі қатты ұнады. Ильяс:Ендеше сол биді кәзір тағыда билеп береміз,тамашалаңыз. Би:«Жігіттер»

 

 

Ойын:«Кім мектепке тез жетеді» Шарты:Балалар оқу-құралдары салынған сөмкені арқалап, белгіленіп қойылған мәреге дейін жүгіріп айналып өтіп құламай орнына тез келуі тиіс.

 

 

Жұмбақ жасыру:«Оқу құралдары туралы»  1.Төрт қырлы, өзi аппақ,
 Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)

2.Тіл жоқ өзінде, 
 Сөзі бар ізінде. (Қалам) 

  1. Жұқа тақтай бөлшегі, 
    Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш) 

4.Ұшымен қазық 
 Тор көзді жазық. 
 Үстіне өттім, 
 Асыл сөз жазып. (Дәптер) 

Алдар Көсе:Сендер мен ойлағаннанда мықты балалар екенсіңдер,жолдарың болсын. Сау болыңыздар. Сағат дыбысы:«Қатты-қатты соғылады» Жүргізуші:Балалар естідіңдер ме? Балалар:Естідік сағаттың соққанын. Жүргізуші:Сағат соғылды яғни қимастықпен,қоштасатын кез келді. Алдыңдағы балалар 
Мектепке кетіп барады 
Тақпақ айтып бір-бірден 
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды балабақша қызметкерлеріне рахмет айтып тақпақтарын айтуға шақырамыз. Нәби:
Әдемілеп гүлдендірген бақшаны 
Бар балаға жағдай жасап ыңғайлы,
Күндей күліп,жылы жүзбен әрдайым, Таңмен топқа келіп басымыздан сипаған. Сондықтан да біз үшін ,артықсыз сіз басқадан 
Жеткіземіз біз ертең,болашаққа даңқыңызды 
Талшын Шаландықызына бар баланың алғысы! Рахмет,рахмет,рахмет.
Жанеля.
Ақылына, көркі сай,мейірімді жан. Білімді,жан-жақты болсын деп атсалысқан, 
Күн сайын зыр жүгіріп,тыным таппаған, 
Әдіскер Айгүл апайым,аямай барын біздерден. Бойымызға жақсы құндылықты сіңірген.
Айтамыз сізге де көп-көп рахмет ! Жасмина. Алты жасқа толды деп, Тоқсан бойы ой-сананы тексерген

Жылы қабақпен сөйлейтін, Сап-салмақты,ақкөңіл. Рая Сүндетқызына. Айтамыз көп-көп рахмет! Рустем. Мерекелерде қуанып, Ылғи бізбен жүреді.

Өлең,тақпақ,үйретіп,

Ойнатады, күледі.

Қызық-қызық ертектер, Орысша,ағылшынша

Бізге жақсы үйреткен. Айтамыз Күләш,Галя,Фариза Баян апайларға көп-көп рахмет !

Сайда. 
Денсаулыққа болаттай 
Ауруларды жолатпай 
Күнде болған әбігер 
Қамқоршымыз дәрігер 
Дәрігер апайларға мың рахмет ! 
Айкөркем.
Үйренеміз өнер біз 
Шетімізден шеберміз 
Бал татыған әндерді 
Мың бұралған билерді 
Үйреткен Инга апайға мың алғыс! 
Нұрай:
Тәтті тағам пісірген 
Айран сүтін ішкізген 
Азпазшы апайлар 
Сіздерге де мың алғыс! 
Медина:
Қызық-қызық ертегі 
Бізге оқып береді, 
Жылауық та, тентекте 
Сол апайға көнеді. 
Тәрбиешілер күлімдеп 
Үйретіп бізді келеді. Сіздерге де мың рахмет. Жасмина. Жаттығулар жасатып 
Шынықтырар біздерді 
Денемізді тік ұстап 
Сұлу болып өстік біз 
Жанат апайға
Айтамыз біздер мың алғыс!
Нұрхат. 
Есеп-қисап жүргізетін, 
Бақшаға кіріс кіргізетін 
Есепші Рысгүл,Гүлмира апайларым. Сіздерге де мың алғыс! Назымға:Нұрдәулет. Ойыншық та, кесе де, 
Шанышқы мен тәрелке 
Орындық, шкаф, төсекте 
Бәрі өзі келе ме? 
Соның бәрін табатын 
Шаршамайтын күлетін 
Зыр жүгіріп жүретін, 
Назым апайға мың алғыс! 
Сіздерге де мың алғыс! 
Еркежан.
Бізді баптап қараған 
Күлімдеген жақсы адам 
Ақ төсекке жатқызған 
Басымыздан сипаған 
Рая,Ағила,Амангүл апайларымызға көп рахмет! Мүнира. Төсек орын тап-таза 
Аппақ жуған сүлгісі 
Кір жуушы апай 
Сіздерге де біздерден мың алғыс! 
Альфрет.
Шекер қосып бал берген, 
Тәтті -тәтті дәм берген 
апайымыз қоймашы, 
Қамажай апай сізге де, 
Мың рахмет айтамыз-деп қолдарын шапалақтайды.

 

 

Ән:«Сәлем мектеп»  Директордың:түлектерді құттықтауы сөзі,директормен әдіскердің дипломды балаларға табыстауы.

Жүргізуші: Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар 
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін 
Өздеріңді сағынып біз жүрейік 
Құтты болсын қадамдарың аттаған 
Біз сендерге сәтті сапар тілейміз! Қош сау болыңыздар!